№12 емханада «Ана мектебі» ҚҚ отырықшы жұмыстағы дене белсенділігі мен жүрек ауруларының алдын алу
бойынша дәріс өткізді.
Астана қаласы әкімдігінің №12 қалалық емханасында "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен 30–64 жас аралығындағы қызметкерлерге "Отырықшы жұмыс кезіндегі дене белсенділігі және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу" тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында ұзақ уақыт бойы қимылсыз отырудың адам денсаулығына әсері, оның жүрек-қантамыр жүйесіне тигізетін кері ықпалы және созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму қаупін арттыратын факторлар туралы айтылды.

Қатысушыларға күнделікті дене белсенділігін арттырудың маңызы түсіндіріліп, жұмыс уақытында:
🚶 белсенді үзілістер жасау;
🧘 мойын, иық және арқа бұлшықеттеріне арналған қарапайым жаттығулар орындау;
👣 жұмыс барысында көбірек жүру;
⏰ ұзақ уақыт бойы бір қалыпта отырмау ұсынылды.

Сондай-ақ артериялық қысымды, дене салмағын, тамақтану тәртібін, стресс деңгейін және ұйқы сапасын бақылаудың маңыздылығы атап өтілді.

🌿 Қозғалыс – денсаулыққа жасалған күнделікті инвестиция. Белсенді өмір салтын бүгіннен бастайық!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.08.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda