"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №6 қалалық емханада қызметкерлерге арналған семинар өтті.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №6 қалалық емханада қызметкерлерге арналған семинар өтті.

Семинар тақырыбы: «Коммуникативтік қауіпсіздік және агрессивті пациенттермен жұмыс істеу барысында медицина қызметкерінің әрекет ету алгоритмі».

Іс-шара барысында медицина қызметкерлері кәсіби қарым-қатынас мәдениетін сақтау, шиеленісті жағдайлардың алдын алу, агрессия белгілерін ерте анықтау және қауіпсіз әрекет ету тәсілдерін талқылады.

Семинардың негізгі мақсаты – пациенттермен тиімді әрі қауіпсіз коммуникация орнату, медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Қатысушылар практикалық жағдайларды талдап, агрессивті мінез-құлық
танытқан пациенттермен жұмыс істеудің тиімді әдістерімен танысты.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
15.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda