«Ана мектебі» қоры медицина қызметкерлеріне
арналған семинар өткізді
"Ана мектебі " ҚҚ ұйымдастыруымен Отбасылық дәрігерлер емханасы қызметкерлеріне арналған «Коммуникативтік қауіпсіздік және агрессивті пациенттермен жұмыс істеу кезіндегі медицина қызметкерінің іс-әрекет алгоритмі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында медицина қызметкерлері пациенттермен тиімді қарым-қатынас орнату, жанжалдың алдын алу, шиеленісті жағдайларда өзін қауіпсіз ұстау және агрессия белгілерін ерте анықтау мәселелерін талқылады.

Қатысушылар агрессивті мінез-құлық танытқан пациенттермен жұмыс істеудің практикалық тәсілдерімен танысып, кәсіби этика мен коммуникативтік дағдыларды жетілдіру бойынша ұсыныстар алды.

Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda