Іс-шараның мақсаты – балаларға жемістердің, дәрумендердің және дұрыс тамақтанудың пайдасын түсіндіру, пайдалы тағамдарға қызығушылығын арттыру және дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында балаларға жемістердің адам ағзасына пайдасы, олардың өсуге, дамуға және денсаулықты нығайтуға тигізетін маңызы ойын түрінде түсіндірілді. Балалар жемістердің әртүрлі түрлерімен танысып, олардың дәмі мен пайдалы қасиеттері туралы әңгімелесті.
Алған білімдерін бекіту мақсатында жемістер мен дұрыс тамақтануға арналған танымдық викторина ұйымдастырылды. Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, қызықты тапсырмаларды орындады.