Астана қаласы әкімдігінің №94 "Сұңқар" балабақшасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3–6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге дұрыс тамақтану тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың маңызы ойын және қызықты тапсырмалар арқылы түсіндірілді. Балаларға әртүрлі тағамдарды тұтынудың ағзаның өсуі мен дамуына әсері туралы пайдалы ақпарат берілді.
🥦 көкөністер мен жемістер;
🥛 сүт және сүт өнімдері;
🌾 түрлі жармалар;
🥩 ет;
🐟 балық сияқты пайдалы тағамдардың күнделікті ас мәзіріндегі маңызы айтылды.
Сонымен қатар тәттілерді, қант мөлшері жоғары тағамдар мен тәтті газдалған сусындарды шектеп, таза суды жеткілікті мөлшерде ішу қажеттігі ескертілді. 💧
🧼 Балаларға тамақтанар алдында қолды сабынмен мұқият жуудың да денсаулықты сақтаудағы маңызды әдет екені түсіндірілді.
💚 Дұрыс тамақтану – дені сау бала, жарқын болашақ!