Іс-шараның мақсаты – халықтың емшек сүтімен қоректендірудің артықшылықтары туралы ақпараттануын арттыру, бала емізетін аналарға қолдау көрсету және ана мен бала денсаулығын нығайтудағы емізудің маңызды рөлін түсіндіру.
Семинар барысында қатысушыларға: • ана сүтінің ана мен бала денсаулығына пайдасы;
• емшекпен емізудің бала дамуына әсері;
• бала емізетін ананы қолдаудың маңызы;
• дұрыс тамақтану және салауатты әдеттер туралы пайдалы ақпараттар берілді.
Емшек сүті – нәресте үшін ең табиғи әрі құнды қорек.
Ана мен бала арасындағы ерекше байланысты нығайтып, баланың дұрыс өсуі мен дамуына маңызды үлес қосады.
Бала денсаулығы – отбасы денсаулығы!
Емшекпен емізуді қолдайық, аналарға бірге қолдау көрсетейік!