"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен "Басқару колледжі" ЖШС-i студенттері мен қызметкерлеріне арналған темекі шегудің, электронды темекілер мен вейптердің зиянының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың темекі өнімдері мен электронды құрылғылардың денсаулыққа тигізетін зияны туралы білімдерін арттыру, никотинге тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға ынталандыру.
Кездесу барысында темекі мен вейптің ағзаға әсері, никотинге тәуелділіктің салдары, зиянды әдеттерден арылудың тиімді жолдары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.