«Ішімдіктің зияны: «CITY» емханасында түсіндіру жұмыстары өтті»
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен «CITY» емханасында алкогольдің адам денсаулығына тигізетін зиянының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың алкогольдің ағзаға кері әсері туралы білім деңгейін арттыру, алкогольге тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және қажет болған жағдайда медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңызын түсіндіру.

Мамандар алкогольді шамадан тыс тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының, бауыр зақымдануының, жүйке жүйесі бұзылыстарының және басқа да созылмалы аурулардың даму қаупін арттыратынын атап өтті.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
16.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda