«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік»
тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Астана қаласы әкімдігінің №97 «Сәби әлемі» балабақшасында «Ана мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3–6 жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жазғы демалыс кезінде орын алуы мүмкін жазатайым жағдайлардан сақтану туралы түсініктерін кеңейту.

Кездесу барысында бүлдіршіндерге жолда жүру ережелері, көшеден қауіпсіз өту, ойын алаңында, аулада және су айдындарының жанында өзін дұрыс ұстау туралы қарапайым әрі түсінікті ақпарат берілді. Танымдық ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы балалар қауіпсіздік ережелерін қайталап, өмірде қолданудың маңызын түсінді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
13.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda