«Тазалық – саулық кепілі»
"Арман" балабақшасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3–6 жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жеке бас гигиенасының қарапайым дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіз тамақтану мәдениетін үйрету, жіті ішек инфекцияларының алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау әдетін дамыту.

Кездесу барысында балаларға қолды дұрыс жуу, жеміс-жидек пен көкөністерді тұтынар алдында міндетті түрде жуу, таза су ішу, тағамды ұқыпты пайдалану және тазалық сақтау ережелері түсіндірілді. Ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы бүлдіршіндер денсаулықты сақтаудың қарапайым қағидаларын меңгерді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
13.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda