«Ана мектебі» ҚҚ №15 қалалық емхана базасында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлерінің есірткі заттарын қолданудың алғашқы белгілерін ерте анықтау, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, пациенттерге уақтылы кеңес беру және оларды қажетті мамандарға бағыттау (маршрутизация) бойынша білім деңгейін арттыру.

Кездесу барысында мамандар есірткіге тәуелділіктің қауіп факторлары, клиникалық белгілері, тиімді коммуникация тәсілдері, профилактикалық кеңес беру алгоритмдері және пациенттерді тиісті медициналық және әлеуметтік қызметтерге бағыттау тәртібі туралы ақпарат алды.

Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін нығайтып, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жұмыстарын күшейтуге және халық денсаулығын сақтауға ықпал етеді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
09.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda