"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) жастардың денсаулығын нығайтуға, зиянды әдеттердің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөледі.
Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау – қоғамның ортақ міндеті. Бүгінде темекі, электронды темекі және вейп өнімдерін қолдану жасөспірімдер арасында кең таралып келеді. Көпшілік оларды зиянсыз деп қабылдағанымен, олардың құрамындағы никотин ағзаға кері әсер етіп, тәуелділік қалыптастырады.
Никотин жасөспірімдердің миының дамуына кері ықпал етеді, есте сақтау қабілетін төмендетіп, зейіннің шашырауына, жүйке жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар өкпе мен жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының қаупін арттырады.
Салауатты өмір салтын таңдау – өз болашағына жасалған ең дұрыс қадам. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, белсенді демалыс және пайдалы әдеттер адамды зиянды әдеттерден сақтайды.