Іс-шараға 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.
Кездесудің мақсаты – білім алушылардың тұрмыстық, жол-көлік және спорттық жарақаттардың алдын алу жөніндегі білімін арттыру, судағы жазатайым оқиғалар мен өрттің алдын алу шаралары туралы ақпарат беру, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға күнделікті өмірде кездесетін қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндіріліп, жол қозғалысы ережелерін сақтау, су айдындарында қауіпсіздік талаптарын орындау, өрт қауіпсіздігі және спортпен шұғылдану кезіндегі сақтық шаралары туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Мамандар жастарды өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау әрбір адамның маңызды міндеті екенін атап өтті.