Артериялық гипертонияның алдын алуға арналған
спорттық іс-шара өтті
2026 жылғы 22 шілдеде "Ана мектебі" қоғамдық қоры "Астана медицина университеті" КЕАҚ-мен бірлесіп, артериялық гипертонияның алдын алуға бағытталған бұқаралық спорттық іс-шара өткізді.

К. Сәтбаев көшесіндегі көпфункционалды жеңіл атлетика және футбол алаңында ұйымдастырылған кездесуге 15 жастан асқан жасөспірімдер мен ересектер, сондай-ақ Астана медицина университеті, Басқару колледжі және Медициналық-техникалық колледж өкілдері қатысты. Жалпы қатысушылар саны 110 адамды құрады.

Іс-шараның мақсаты — халықтың артериялық гипертонияның алдын алу туралы хабардарлығын арттыру, жүрек-қан тамырлары ауруларынан сақтанудың басты факторы ретінде дене белсенділігін насихаттау және сергек өмір салтын қалыптастыру.

Спорттық жарыстар басталмас бұрын қатысушыларға:

  • Артериялық гипертонияның пайда болу қауіптері;
  • Қан қысымын үнемі бақылаудың маңызы;
  • Дұрыс тамақтану мен зиянды әдеттерден бас тарту ережелері кеңінен түсіндірілді.

Бағдарлама аясында қатысушылардың командалық ауызбіршілігі мен белсенділігін арттырған эстафеталар мен спорттық сайыстар өтті.

"Ана мектебі" қоры барша қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреді және денсаулықты сақтау өз қолымызда екенін еске салады!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
22.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda