Астанадағы №28 мектепте ішек инфекцияларының
алдын алу туралы сағат өтті.
"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігінің №28 мектеп-лицейінде 7–10 және 11–14 жас аралығындағы оқушыларға арналған ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында балаларға жаз мезгілінде жиі кездесетін жіті ішек инфекцияларының алдын алу жолдары түсіндірілді. Мамандар қолды сабындап жуу, таза ауыз су пайдалану, жеміс-жидек пен көкөністерді мұқият жуу, жарамдылық мерзімі өткен тағамдарды тұтынбау және тағам қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар оқушыларға жеке бас гигиенасының маңызы, дұрыс тамақтану мәдениеті және денсаулықты сақтауға бағытталған күнделікті дағдылар жөнінде пайдалы кеңестер ұсынылды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, қауіпсіз тағамдық мінез-құлықты қалыптастырудың маңыздылығын түсінді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
02.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda