«Ана мектебі» қоры №14 емхана қызметкерлеріне
арналған семинар өткізді
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастырумен №14 қалалық емханада қызметкерлерге арналған «Коммуникативтік қауіпсіздік және агрессивті пациенттермен жұмыс істеу кезіндегі медицина қызметкерінің іс-әрекет алгоритмі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында медицина қызметкерлері пациенттермен тиімді қарым-қатынас орнату, жанжалды жағдайлардың алдын алу, агрессия белгілерін ерте анықтау және қауіпсіз әрекет ету алгоритмдерімен танысты.

Семинардың негізгі мақсаты – медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, қызметкерлердің кәсіби қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пациенттермен өзара түсіністікті нығайту.

Қатысушылар тәжірибелік мысалдарды талқылап, қиын жағдайларда
тиімді коммуникация жүргізу дағдыларын жетілдірді.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
17.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda