"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастырумен №8 қалалық емхана қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.
Тақырыбы: «Коммуникативтік қауіпсіздік және агрессивті пациенттермен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерінің іс-әрекет алгоритмі».
Семинар барысында қызметкерлер пациенттермен тиімді қарым-қатынас орнату, жанжалды жағдайлардың алдын алу, агрессия белгілерін ерте анықтау және қауіпсіз әрекет ету тәсілдерін талқылады.
Мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға
және пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсетуге ықпал етеді.