"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен «Интертич» клиникасында
медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Семинар тақырыбы: «Коммуникативтік қауіпсіздік және агрессивті пациенттермен жұмыс істеу кезіндегі медицина қызметкерінің іс-әрекет алгоритмі».
Іс-шара барысында қатысушылар тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын жетілдіріп, шиеленісті жағдайлардың алдын алу және агрессия танытқан пациенттермен кәсіби әрі қауіпсіз жұмыс жүргізу тәсілдерін талқылады.
Семинардың мақсаты - медицина қызметкерлерінің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту.