"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығында қызметкерлерге арналған семинар өтті.
Семинар тақырыбы: «Агрессивті пациенттермен жұмыс барысында медицина қызметкерлерінің коммуникативтік қауіпсіздігі және іс-қимыл алгоритмі».
Іс-шара барысында қатысушылар пациенттермен тиімді қарым-қатынас орнату, шиеленісті жағдайлардың алдын алу, агрессия белгілерін ерте анықтау және қауіпсіз мінез-құлық дағдылары мәселелерін талқылады.
Семинарда медицина қызметкерлерінің кәсіби этиканы сақтай отырып, күрделі жағдайларда сабырлылық танытуы, жанжалдарды конструктивті шешу жолдары және қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмдері қарастырылды.
Мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттырып, пациенттерге сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсетуге ықпал етеді.