"Ана мектнбі" ҚҚ ұйымдастыруымен ҚазҰТБ колледжінің 1-курс студенттеріне арналған жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге ЖЖБИ-дің таралу жолдары, белгілері, алдын алу шаралары және репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Семинардың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және денсаулыққа ұқыпты қарау мәдениетін арттыру.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пайдалы ақпараттармен танысты.