Астанада оқушыларға дене белсенділігін
арттыру бойынша тренинг өтті
Астана қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінде "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дене белсенділігін насихаттауға арналған семинар-тренинг өткізілді.

Тренинг барысында оқушыларға дене белсенділігінің адам денсаулығы мен жалпы әл-ауқаты үшін маңызы түсіндірілді. Күнделікті қозғалыс белсенділігін арттыру, спортпен шұғылдану және бос уақытты тиімді ұйымдастырудың пайдасы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар қимыл-қозғалыстың жеткіліксіздігінің денсаулыққа кері әсері және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене белсенділігінің рөлі талқыланды.

Оқушылар семинарға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және пайдалы ақпарат алды.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
21.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda