2026 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінде «Ана мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дұрыс тамақтану тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың адам денсаулығы үшін маңызы түсіндірілді. Күнделікті рационды дұрыс құру, пайдалы тағамдарды таңдау, көкөністер мен жемістерді тұтыну және жеткілікті мөлшерде су ішудің маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат берілді.
Сонымен қатар фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант пен тұзы көп өнімдерді шамадан тыс тұтынудың денсаулыққа әсері талқыланды.
Оқушылар семинарға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.