Астана қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінде "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен семіздіктің алдын алуға арналған семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың, күнделікті дене белсенділігін сақтаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар артық салмақтың денсаулыққа әсері, семіздіктің алдын алу жолдары және пайдалы әдеттерді күнделікті өмірге енгізу туралы маңызды ақпарат берілді.
Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.