Астанада 6-сынып оқушыларына
ЖРВИ-дің алдын алу тренингі өтті
Астана қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінде "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына арналған жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Семинар барысында оқушыларға ЖРВИ-дің таралу жолдары, негізгі белгілері және аурудың алдын алу шаралары туралы түсінікті әрі пайдалы ақпарат берілді.

Балаларға жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс жуу, бөлмені желдету, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру және иммунитетті нығайтудың маңыздылығы түсіндірілді.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
21.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda