Астана қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінде "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына арналған жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) алдын алу бойынша
семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жіті ішек инфекцияларының пайда болу себептері, таралу жолдары және олардың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат берілді.
Семинар барысында жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс жуу, таза ауыз суды пайдалану, тағам өнімдерін дұрыс сақтау және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар өз денсаулығын қорғау және инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша пайдалы мәліметтер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Денсаулықты сақтау – әр адамның өз қолында!