"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Т. Кәкішұлы атындағы №94 мектеп-лицейінде " Дұрыс тамақтану" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, пайдалы тағамдарды таңдау, дәрумендерге бай өнімдерді тұтыну және дұрыс тамақтану тәртібін қалыптастыру туралы пайдалы ақпарат берілді.
Салауатты әдеттерді бала кезден қалыптастыру – дені сау ұрпақтың негізі!
Дұрыс тамақтану – жарқын болашаққа бастар жол!