"Темекі шегудің алдын алу" тақырыбында семинар өтті.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Т. Кәкішұлы атындағы №94 мектеп-лицейінде оқушыларға арналған "Темекі шегудің алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында темекі өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зияны, никотинге тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ зиянды әдеттерден бас тартудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, темекі шегудің зияны туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Зиянды әдеттен аулақ бол – денсаулығыңды сақта!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda