Т. Кәкішұлы атындағы №94 мектеп-лицейінде жалпы оқушыларға арналған "Қант диабетінің алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді.
"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т. Кәкішұлы атындағы №94 мектеп-лицейінде жалпы оқушыларға арналған "Қант диабетінің алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында қант диабетінің алдын алу жолдары, дұрыс тамақтанудың маңызы, дене белсенділігі және салауатты өмір салтын ұстанудың денсаулыққа әсері туралы пайдалы ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және қант диабетінің алдын алу бойынша білімдерін арттыру.

Денсаулықты сақтау – әр адамның өз қолында!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda