"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т. Кәкішұлы атындағы №94 мектеп-лицейінде 2- топ оқушыларына арналған "Дұрыс тамақтану" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы, күнделікті тамақтану тәртібі, пайдалы тағамдарды таңдау және зиянды өнімдерді шектеудің маңызы туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.