Астана қаласы "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №69 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану" тақырыбында танымдық лекция өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың маңызы, пайдалы тағамдарды таңдау, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы және дұрыс тамақтану мәдениеті туралы маңызды ақпараттар алды.
Балалар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.