"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қызметкерлері мен талапкерлеріне арналған "Гепатит: бірге талқылайық!" тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты - қатысушылардың вирустық гепатиттер туралы білімін арттыру, олардың жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат беру, сондай-ақ уақтылы тексеруден өтудің маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында қатысушыларға вирустық гепатиттердің негізгі түрлері, олардың ерекшеліктері және инфекцияның ықтимал жұғу жолдары туралы ақпарат берілді.