Іс-шараның мақсаты – жастардың тиімді әрі теңгерімді тамақтану қағидалары туралы білімін арттыру, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру және өз денсаулығына саналы көзқарасты дамыту.
Семинар барысында дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары, әртүрлі әрі теңгерімді рационның маңызы, тамақтану тәртібі және күнделікті ас мәзіріне көкөністер, жемістер, тұтас дәнді дақылдар, ақуызға бай өнімдер мен жеткілікті мөлшерде су қосудың қажеттілігі талқыланды.
Сонымен қатар құрамында қант, тұз және қаныққан май мөлшері жоғары өнімдерді, тәтті газдалған сусындарды, фастфудты және кондитерлік өнімдерді шамадан тыс тұтынуды шектеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға таңғы астың пайдасы, пайдалы тіскебасарларды дұрыс таңдау және күнделікті өмірде салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру бойынша кеңестер берілді.