Алматы қаласының Forum сауда орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай "АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және тестілеудің маңыздылығы" тақырыбында үлкен және ауқымды ақпараттық - профилактикалық акция өтті.
Халық арасында бұл іс-шараны "Ана мектебі" қоғамдық қоры, ЖИТС орталығы, Қалалық адам репродукциясы орталығы және "Ақ-жол" жастар денсаулық орталығы бірлесе отырып ұйымдастырды.
Акция барысында тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алу, уақтылы тестілеуден өту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде кең ақпарат берілді, тікелей сұрақ- жауаптар болды.
Тұрғындардың қаншалықты ақпаратты екені тексерілді, анықтама берілді.
Біздегі басты мақсат – ақпараттандыру, стигма мен кемсітушілікті жою және салауатты қоғам қалыптастыру.