2026 жылғы 9 қарашада профессор Рузуддинов атындағы Жоғары медициналық-стоматологиялық колледжде студенттер арасында темекі шегудің және никотинге тәуелділіктің алдын алуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды профилактикалық акция өткізілді.
Іс-шара аясында денсаулықты сақтау, созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану және пайдалы әдеттерді қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында студенттермен жеке жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараға медицина мамандары – дәрігер-терапевт, дәрігер-психолог және дәрігер-диетолог қатысты.
Студенттер мамандардан тегін жеке кеңес алып, бойы мен дене салмағын өлшетіп, дене салмағы индексін (ДСИ) анықтау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және түрлі аурулардың алдын алу бойынша жеке ұсыныстар берілді.