№15 гимназияда бастауыш сынып оқушыларына
дұрыс тамақтану туралы шара өтті
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №15 гимназиясының 3-сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану – үздік білімге бастар жол!" тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс және теңгерімді тамақтанудың денсаулық пен оқу үлгеріміне маңызы түсіндірілді. Пайдалы тағамдарды таңдау, дәрумендерге бай өнімдерді тұтыну және дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі және сапалы білім алудың маңызды негізі!


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
24.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda