№18 балабақшада дұрыс тамақтану туралы шара өтті
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №18 бөбекжай-балабақшада балалардың дұрыс тамақтануы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында балаларға пайдалы тағамдардың маңызы, көкөністер мен жемістердің пайдасы және дұрыс тамақтану әдетін ерте жастан қалыптастыру туралы түсінік берілді.

Балалардың дені сау болып өсуі үшін құнарлы әрі теңгерімді тамақтану, күн тәртібін сақтау және белсенді қимыл-қозғалыстың маңызы ерекше.

Дұрыс тамақтану – дені сау балалық шақтың негізі!


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
23.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda