"Денсаулықтың алтын ережелері"
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №36 гимназияда оқушыларға денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаларына арналған танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, дене белсенділігімен айналысу, жеке бас гигиенасын сақтау және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.

Оқушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді қалыптастыру жөнінде маңызды ақпарат алды.

Денсаулық – адам өміріндегі ең үлкен байлық!
Оны сақтау әрқайсымыздың өз қолымызда!


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
23.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda