"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №21 гимназияда оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында дұрыс және теңгерімді тамақтанудың адам денсаулығына, көңіл-күйіне, зейіні мен оқу үлгеріміне әсері туралы айтылды. Оқушылар пайдалы тағамдарды таңдау, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау және күнделікті рационды тиімді құру жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Денсаулық – дұрыс тамақтанудан басталады! Ал дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі.