"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №10 мектепте оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың баланың денсаулығына, көңіл-күйіне және оқу үлгеріміне әсері туралы айтылды. Оқушылар пайдалы тағамдарды таңдау, тамақтану тәртібін сақтау және күнделікті рационды дұрыс қалыптастыру жөнінде пайдалы ақпарат алды.