ХИТУ колледжі студенттеріне есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған кездесу өтті.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжі студенттеріне арналған есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті.

Шараға дәрігер-нарколог Анна Трубникова мен Республикалық аналар кеңесінің мүшесі, гандболдан Азия чемпионатының жүлдегері Анна Мохаммад қатысты.

Спикерлер зиянды әдеттер мен психобелсенді заттардың зардаптарын түсіндіріп, өзін-өзі тәрбиелеу (тәртіпке баулу), дұрыс таңдау жасау және тұлға болып қалыптасудағы спорттың орны туралы сөз қозғады. Студенттер көкейкесті сұрақтарына жауап алып, пайдалы мәліметтер алды.

Мұндай жиындар жастардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына жол ашады.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
16.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda