Тұрмыстық химияның орнына хлоргексидин: сарапшы танымал лайфхактар туралы ақиқатты айтты
Әлеуметтік желіде хлоргексидинді көгеруге қарсы, тоңазытқыш пен еден жууға немесе дезодорант орнына қолдану туралы кеңестер жиі кездеседі. Алайда Астана медицина университетінің мамандары мұның тиімсіз әрі қауіпті екенін ескертеді.

Е.Д. Дәленов атындағы Профилактикалық медицина ҒЗИ дәрігері Жамал Лензатованың айтуынша, хлоргексидин тек теріге арналған антисептик. Тұрмыстық беттерде ол ешқандай нәтиже бермейді.

Сонымен қатар оны дезодорант ретінде күнделікті пайдалануға болмайды. Ол теріні құрғатып, аллергия, қышыну және дерматит сияқты дерматологиялық мәселелерге әкелуі мүмкін.

NoFake KZ толық мақалаға сілтеме.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
08.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda