Қоғамдық денсаулықты нығайту және ана мен бала денсаулығын қолдау мақсатында "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласы №30 емхана қызметкерлерімен ақпараттық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ана сүтінің бала денсаулығы мен дұрыс дамуына тигізетін маңызы туралы айтылды. Қатысушыларға емшек сүтінің құрамындағы пайдалы қоректік заттар, баланың иммунитетін қалыптастырудағы рөлі және ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтудағы маңызы түсіндірілді.
Ана сүті – сәбиге берілетін ең табиғи әрі құнды қорек.