"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Құлагер" ем-жайында "Дені саудың – жаны сау!" тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты күтуге жауапкершілікті арттыру және күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді қалыптастыру.
Қатысушыларға дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, күн тәртібі, зиянды әдеттерден бас тарту және аурулардың алдын алу жөнінде пайдалы ақпарат берілді.
Денсаулық – әр адамның ең үлкен байлығы.
Оны сақтау – өз қолымызда!