"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №28 қалалық емханада ана мен бала денсаулығын нығайтуға бағытталған "Ана сүті – бала денсаулығының кілті" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру
жұмысың жүргізілді.
Іс-шара барысында мамандар емшек сүтінің бала денсаулығы мен дұрыс дамуы үшін маңыздылығы туралы айтып, ана сүтінің нәресте үшін ең табиғи әрі құнды тағам екеніне тоқталды.
Сонымен қатар, жас аналарға емшекпен дұрыс тамақтандырудың маңызы, ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту және сәбидің иммунитетін қалыптастырудағы рөлі жөнінде пайдалы ақпарат берілді.
💚 Бала денсаулығы – ана қамқорлығынан басталады!
🤱 АНА СҮТІ – сәби денсаулығының берік негізі!