"СТОП ГЕПАТИТ!" тақырыбында халықтың вирустық гепатиттер туралы ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында гепатиттің алдын алу жолдары, жұқпалы аурулардан сақтану, жеке бас гигиенасын сақтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
🩺 Вирустық гепатиттің алдын алу үшін уақытылы тексеруден өту, дәрігердің кеңесін тыңдау және қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.
💚 Денсаулықты қорғау – әр адамның өз қолында!
Бірге сақтанайық, бірге денімізді сау ұстайық!
Гепатитке – ЖОҚ дейік!