"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласының
№18 емханасында қызметкерлермен кездесу өтті.
"Біз бақытты ұрпақ үшін!" атты іс-шара аясында өскелең ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бала денсаулығы – ұлт болашағының негізі. Әр баланың бақытты, дені сау және қауіпсіз ортада өсуі – баршамызға ортақ міндет. ❤️

Жас ұрпаққа қамқорлық жасау, олардың денсаулығын нығайту және жарқын болашағына жағдай жасау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

✨ Бақытты бала – бақытты отбасы – жарқын болашақ!


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
29.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda