Алматы қаласында №27 емхананың қызметкерлерімен "Гепатит ТОҚТА!!" атты семинар-лекция өтті
Вирустық гепатит – бауырды зақымдайтын қауіпті жұқпалы ауру. Оның кейбір түрлері ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермей, созылмалы ауруларға әкелуі мүмкін.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында вирустық гепатиттің алдын алу, жұғу жолдары мен қорғану тәсілдері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

✅ Жеке бас гигиенасын сақтайық;
✅ Медициналық процедураларда қауіпсіздік талаптарының сақталуына мән берейік;
✅ Қажет болған жағдайда уақтылы тексеруден өтейік;
✅ Вакцинация арқылы алдын алуға болатын гепатит түрлерінен қорғанайық.

Гепатиттің алдын алу – өз денсаулығыңды және жақындарыңды қорғау!

🩷 Салауатты ұрпақ – дені сау қоғамның негізі!


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
28.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda