Қорғаныс өзіңнен басталады:
№9 емханада «Ана мектебі» ҚҚ ұйымдастырған шара
"№9 Қалалық емхана"
Тақырып: "Вакцинацияға – ИӘ дейміз!"
Ұйымдастырушы "Ана мектебі" ҚҚ.

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы. Ол тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулығын қорғауға көмектеседі.

Екпе арқылы қызылша, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит және басқа да қауіпті аурулардың таралуын болдырмауға болады. Уақтылы жүргізілген вакцинация ауыр асқынулардың алдын алып, өмірді сақтайды.

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес екпе алыңыз. Денсаулық – әр адамның ең қымбат байлығы!

Вакцинацияға – ИӘ дейік! Бірге дені сау қоғам қалыптастырайық!

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
16.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda