"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №22 Қалалық емханада тұрғындар арасында «Салауатты әдеттер марафоны» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.
Марафон барысында қатысушыларға дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, сапалы ұйқы, жеке гигиена, зиянды әдеттерден бас тарту және психикалық денсаулықты сақтау жөнінде пайдалы ақпарат берілді. Сондай-ақ күнделікті өмірде денсаулықты нығайтуға көмектесетін қарапайым әрі тиімді дағдылар туралы айтылды.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және пайдалы әдеттерді күнделікті өмірге енгізуге ынталандыру.

Салауатты өмір – бақытты болашақтың кепілі!

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda