Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастырумен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында №19 емханада «Дені сау дәрігер – дені сау пациент» атты семинар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Кәсіби қызметтегі медициналық қызметкерлердің эмоциялық қажу, оның туындау себептері, алдын алу туралы түсінікті қалыптастыру, соның ішінде салауатты өмір сүру қағидаларымен, күйзеліспен күресудің жолдарымен таныстыру
Мазмұны: кәсіби эмоциялық қажу жағдайында салауатты өмір салтының: дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене белсенділігінің ролі, толыққанды ұйқы мен күйзеліске тұрақтылықты арттыру туралы ақпарат берілді.
Семинар барысында сұрақ-жауап әдісі қолданылды.